Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана әуежайында әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиді салтанатты түрде қарсы алды

23 Қыркүйек 2025, 04:04
419
Бөлісу:
 Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін түнде Астана халықаралық әуежайында грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен ұлттық құрама спортшылары мен бапкерлері туған еліне оралды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарсы алушылар қатарында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері және әскери оркестр болды.

Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде финалда өзбек балуаны Әлішер Ганиевті небәрі бір минутта таза жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2018 және 2022 жылдары әлем біріншілігінің қола жүлдегері болған.

Айта кетейік, грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған қазақстандық балуандар қатарында бұған дейін Юрий Мельниченко (екі рет), Мхитар Манукян (екі рет) және Бақтияр Байсейітов бар еді.

Өзгелердің жаңалығы