Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді, - делінген хабарламада.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.
Осы орайда аталған ведомство бомба туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.