Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана аспанындағы белгісіз нысандар: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

5 Маусым 2025, 23:17
911
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

ҚР Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындары байқаған аспандағы белгісіз нысандарға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аспанда белгісіз объектілердің пайда болуына байланысты таралған ақпаратқа орай, Қазақстан Республикасының аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыш аппараттарының қалдықтары немесе метеорит ағындары болуы мүмкін. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді.

Министрлік азаматтарды сабыр сақтап, расталмаған және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда қосымша ресми түсініктеме беріледі.

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары белгісіз ұшу нысандарының тек елордада ғана емес, Астанамен шекаралас аймақтардан да байқалғанын хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы