Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана аспанында истребительдер ұшады

23 Қараша 2024, 11:27
1629
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді. Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Өзгелердің жаңалығы