Қазгидромет синоптиктер 11-12 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райы осы демалыс күндері таңғалдыруы мүмкін. Қай жерде күн шуақты болады, ал қай өңірде ауа райының «тосын сыйына» дайын болу керектігін оқи отырыңыздар.
«Қазгидромет» мәліметтеріне сәйкес, демалыс күндері еліміздің түкпір-түкпірінде ауа райы әртүрлі болады.
Шымкентте жазғы аптапқа жуық жылылық күтілсе, Астанада тұман, түнгі үсік пен жаңбыр болжануда. Алматыда ауа райы жайлы болады, бірақ түнде найзағай ойнауы ықтимал.
Астана
Елордада сенбі күні ауа райы бірқалыпты болады.
Сенбі: Түнде +2 градус шамасында, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +13…+15 градусқа дейін көтеріледі.
Жексенбі: Түнде ауа райы суытып, -2 градусқа дейін төмендейді, таңертең қайтадан тұман түсуі ықтимал.
Күндіз сынап бағанасы +14…+16 градусты көрсеткенімен, жаңбыр жауады.
Алматы
Алматыда жағдай әлдеқайда жағымды.
Сенбі: Сенбіге қараған түні +5…+7 градус жылы, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Алайда күндіз жауын-шашынсыз, өте жылы болады: +20…+22 градус.
Жексенбі: Күндіз де, түнде де жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6…+8, ал күндіз ауа +22…+24 градусқа дейін жылиды.
Шымкент
Шымкент жылылық бойынша көш бастап тұр.
Сенбі: Түнде +8…+10, күндіз +23…+25 градус.
Жексенбі: Күн одан әрі жылына түседі: түнде +10…+12, ал күндіз +24…+26 градусқа дейін жетеді. Жауын-шашын күтілмейді.