Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері тексеріс кезінде бірнеше пойызда заңбұзушылық анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері №85/86 «Шымкент-Астана», №11/12 «Шымкент-Алматы» және №3/4 «Алматы-Астана» пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі мен қызмет сапасын тексерді. Мұндай тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі.
Аталған тексеру барысында Ұлттық тасымалдаушының стандарттарына сәйкес келмейтін бірқатар бұзушылық пен сәйкессіздіктер анықталды. №85/86 «Шымкент-Астана» пойызында тексерушілер кейбір вагонда сапасыз тазалық пен жиналмаған қоқысты атап өтті. Заңбұзушылықтарға жол берген қызметкерлерге қатаң ескертулер берілді.
№11/12 «Шымкент-Алматы» пойызында жұмсақ алынбалы инвентарьдың бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Жеткізуші кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндеттенеді. №3/4 «Астана-Алматы» пойызында вагон жолсерігі қосымша ақы үшін тіркелмеген жүк тасымалдау фактісі анықталды. Бұл жолсерікпен еңбек шарты бұзылды. Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын қатаң қадағалап, жолаушылардың ескертулеріне жедел жауап береді, - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.
Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар +7 776 714 5686 нөміріне немесе WhatsApp арқылы байланысу үшін вагондарға орналастырылған QR-кодтарды пайдалана алады.