Астана, baq.kz. «Astana» ӘКК» АҚ «Astana» ӘКК» АҚ-мен жер учаскілерін ұсыну Ережелеріне» сай «Астана қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру» (бұдан әрі-Жоба) жобасы аясында жер учаскілерін алуға өтініштер қабылдау басталғандығын хабарлайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Жобаға қатысу туралы өтініштер төменде келтірілген кестеге сай adal.astana.kz порталында қабылданады.Жер учаскесін алу туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
1) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2) жеке кәсіпкердің жеке куәлігінің көшірмесі;
3)заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы анықтама, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4)бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің көшірмесі, заңды тұлғаның бірінші басшысына жасалған бұйрық пен оның жеке куәлігінің көшірмесі;
5) заңды тұлғаның Жарғысы;
6) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
7) жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның ағымдағы есеп шоты бар туралы банк анықтамасы;
8) әлеуетті қатысушының өз жеке ағымдағы шотынан бекітілген кепілдік жарнаны аудару туралы, банк белгісі қойылған төлем құжаты (онлайн төлем жасалған жағдайда, төлем құжаты қажет емес);
9)2010 және 2018 жылдар аралығында алынған өкілетті мемлекеттік органның әлеуетті қатысушыға жер учаскесін жалға беру туралы шешімінің көшірмесі (болған жағдайда). Өтініштер тек шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінен қабылданады.