Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана әкімі Тоқаевқа "Мыңжылдық" аллеясын көрсетті

19 Маусым 2025, 18:47
791
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
PHOTO
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Астанадағы "Мыңжылдық" аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Мыңжылдық" аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді.

Астана әкімі Тоқаевқа "Мыңжылдық" аллеясын көрсетті

Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942 гектарды қамтиды. Сарайшық ауданындағы желілік саябақ тұрғын үйлер кешені мен әлеуметтік нысандар, мектептер, темір жол вокзалы, скверлер, көшелер мен жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының арасын жалғайды.

Астана әкімі Тоқаевқа "Мыңжылдық" аллеясын көрсетті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек вокзал маңындағы саябақ ауданның беткеұстар мүйісіне айналатынын айтты. Мұнда ойын алаңдары, амфитеатр және аллеялар салу жоспарланған.

Былтыр "Қазақ елі" алаңында ағаштар егіліп, дизайнерлік қақпақтар орнатылды, шамдар мен басқа да сәулеттік қалыптар жаңартылды.

Астана әкімі Тоқаевқа "Мыңжылдық" аллеясын көрсетті

Биыл ең әуелі Байтұрсынұлы, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылы маңындағы тұрғын үй кешендерін қамтитын желілік саябақты абаттандыру жұмыстары басталады.

Астана әкімі Тоқаевқа "Мыңжылдық" аллеясын көрсетті

Әкімнің айтуынша, қала дамуында Тұран даңғылының батыс жағындағы GreenLine бульвары ерекше маңызға ие. Шаһардың халық тығыз орналасқан ауданымен жалғайтын бульварда веложолдар, балалар мен спорт алаңқайлары, тынығатын демалыс аумақтары болады.

Аталған жобалар қаланы дамытудың көпорталықты моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Яғни тұрғын үй, жұмыс, қызмет көрсету мен рекреация орындары қолжетімді әрі бір-біріне жақын болуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы