Астана әкімі «Мыңжылдық» саябағы қалай өзгеретіні туралы айтты

4 Қараша 2023, 22:14
741
Бөлісу:
Астана әкімі «Мыңжылдық» саябағы қалай өзгеретіні туралы айтты
Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Мыңжылдық» саябағы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындармен бірге саябақтың даму жоспарын талқылап, қалпына келтіруге кірістік. Кездесуде тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер), жолдар, инженерлік инфрақұрылымдар салу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және т.б. мәселелерді көтерді. Сонымен, «Мыңжылдық» саябағының бойында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарастырылған. Мысалы, аталған шағын ауданда 5 мектеп бар. Мұнда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектеп, жеке инвесторлар есебінен тағы екі мектеп саламыз, - деді әкім.

Сонымен қатар, ол инвестор жаңа вокзал ауданында амбулаториялық кешеннің құрылысын жүргізіп жатқанын атап өтті. Сол сияқты, екі балабақша салу да жоспарланып отыр.

Құрылыс салушыларға қойылатын талаптар күшейді: арнайы бұрмалары жоқ жерлерге тұрғын үй кешенінің салынуына рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, құрылыс салушылар өз аумақтарын тиісті деңгейде абаттандыруы және көгалдандыруы қажет. Шағын ауданды инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін нөсер кәрізінің тазарту құрылысы, нөсер кәрізінің коллекторларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылу-энергетикалық жүйені дамыту бағдарламасы аясында үлестіру пункті мен трансформаторлық қосалқы станция салу, 110 кВ ЭБЖ реконструкциялау, салу («Жұлдыз» қосалқы станциясының трансформаторларын ауыстыру және «Восточная» қосалқы станциясының 110 кВ кабельдік желісін реконструкциялау) және т.б. жұмысы жүріп жатыр. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Орындау мерзімі бойынша аудан әкімдігі тұрғындарға хабарлайды. Саябақты қалпына келтіру Мемлекет басшысының тікелей бақылауында, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы