Астана әкімдігі жыл басынан бері 4 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдады

22 Қазан 2022, 20:33
899
Бөлісу:
Астана әкімдігі жыл басынан бері 4 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдады

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әріптестерімен бірге жыл басынан бері 4 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтарды апта сайын қабылдау жұмысын жалғастырамыз. Осы айда жеке қабылдауымда 30-дан аса отбасы болды. Ал жыл басынан бері әріптестеріммен бірге 4 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдадым.

Тұрғындарымызға ыңғайлы болу үшін әлеуметтік орталықтар да жұмыс істейді. Сонымен бірыңғай тұрғын үй орталығында 50 мыңнан астам адам, «Жанұя» әлеуметтік орталығында 48 мыңнан астам адам тиісті көмек пен кеңес алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың сұранысын ескере отырып, әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық орталықтар), қолжетімді әрі жеңілдікті баспана, қоғамдық кеңістіктер, аула аумағы және т.б. құрылысының қарқынын арттырдық.

Сол сияқты құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, апатты үйлерді бұзу жұмысы жүріп жатыр. Соңғы үш жылда апатты жағдайдағы үйлерден 700-ге жуық отбасын көшірдік. Биыл тағы 300-ден аса отбасын көшіруді жоспарлап отырмыз. Азаматтарды қабылдау, қаланы аралау барысында және өзге де кездесулерде қозғалатын проблемаларды шешу мәселесі уақытылы қолға алынады, - деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы