Астана әкімдігі қаланың ең сұлу жас мұғаліміне іздеу салды

Кеше, 22:20
164
Бөлісу:
Астана әкімдігі қаланың ең сұлу жас мұғаліміне іздеу салды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Астана қаласының Білім басқармасы "Ең сұлу жас ұстаз Астана–2025" онлайн фотобайқауын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, елордада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған білім беру ұйымдарында жас педагог мамандар жұмысқа көп орналасқан.

Осыған сәйкес жаңа заманауи мектепте алғаш ұстаздық қызметін бастаған педагогтердің ынтасын арттыру мақсатында, яғни мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдай отырып, "Ең сұлу жас ұстаз Астана–2025" фотобайқауы ұйымдастырылып отыр, - делінген хабарламада.

Байқау онлайн дауыс беру форматында bilimastana парақшасында өтеді.

"Ең сұлу жас ұстаз Астана–2025" фотобайқауына қатысу үшін әрбір жайлы мектеп атынан қатысатын бір педагог ұстаз кейпінде түскен сапалы суреттері және педагогика саласындағы жеткен жетістіктерін көрсете отырып, 87472005296 WhatsApp нөміріне жолдауы қажет. Ең көп дауыс жинаған педагог "Ең сұлу жас ұстаз Астана–2025" байқауының жеңімпазы атанып, арнайы сыйлыққа ие болады, - деп хабарлады әкімдік.

Өзгелердің жаңалығы