Астана, BAQ.KZ. 22 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 15 841,69 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
22 қаңтарда Астанаға 3 036 тонна көмір жеткізілді. Оның 2 070 тоннасы – «Шұбаркөл», 345 тоннасы – «Қаражыра», 621 тоннасы – «Майкөбе» маркалы көмі.
Ал көмір бағасы төмендегідей:
«Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге,
«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,
«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,
«Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге,
«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.
Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.
2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін 339,5 мың тонна сатылды.
Бүгінгі таңда, көмір нарығында жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын бақылап, үнемі қадағалайды. «I-Kөмек» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі жұмыс істейді.