Астанаға 1,2 мың тонна көмір жеткізілді

29 Қаңтар 2019, 12:36
2190
Бөлісу:
Астанаға 1,2 мың тонна көмір жеткізілді

Астана, BAQ.KZ. 28 қаңтардағы жағдайға сәйкес Астанадағы қатты отынның жалпы қоры 15 714,2 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

28 қаңтарда Астанаға 1 8245 тонна көмір жеткізілді. Оның 345 тоннасы – «Майкөбе», 690 тоннасы – «Қаражыра» маркалы көмір.

Көмірдің бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» көмірінің тоннасы – 11300 теңге,

«Қаражыра» көмірінің тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» көмірінің тоннасы – 12 000 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.

2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін көмірдің 339,5 мың тоннасы сатылды.

Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.

Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы