Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды

27 Мамыр 2025, 23:47
357
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қатарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.

Қорытынды дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • Қазақстан — 54,68%;
  • Франция — 45,32%.

Айта кетейік, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайды.

Алдағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер:

  • 2027 — Қазақстан (Астана);
  • 2028 — Жапония (Фукуока);
  • 2029 — Бразилия (Рио-де-Жанейро).
Өзгелердің жаңалығы