Ассамблеядан сайланатын депутаттар үшін қандай құжаттар қажет

12 Қаңтар 2021, 11:43
1304
Бөлісу:
Ассамблеядан сайланатын депутаттар үшін қандай құжаттар қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижелері дайындалған қажет құжаттар тізбесіне тоқталды.

Аталмыш құжаттар тізбесіне «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 44-бабы 5-тармағына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы, Партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы және жетінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары және партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу туралы қаулысы жатады, - деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Петров Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындыларына тоқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы