Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды

31 Қаңтар 2023, 17:18
1284
Бөлісу:
PHOTO

 Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 55078 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жанып жатқан үйден Үштөбе қаласының тұрғындарын алып шықты,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оқиға 20 қаңтарда болған. Сол күні әскерилер газ баллонының жарылуы салдарынан отқа оранған үйдің маңынан өтіп бара жатып, жас әйел мен оның екі жас баласын және ерлі-зайыпты қарт кісілерді қауіпсіз жерге алып шығады. 

Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды

Бұдан кейін олар зардап шеккендерді аудандық ауруханаға жедел жеткізген. Бөлімнің қолбасшылығы ерекше көзге түскен жауынгерлерді наградаларға ұсынды.

Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы