Әскерилер Текелідегі ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды

16 Мамыр 2022, 21:05
1376
Бөлісу:
Әскерилер Текелідегі ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды
PHOTO

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері Текелі қаласында ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды.

Алматы облысының Текелі қаласындағы ТЖ салдарын жоюға ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Әскери қызметшілер және жергілікті атқарушы органдардың арнайы техникасы жеке үйлер мен көшелер аумағынан балшық массасын тазарту бойынша жұмыстарды істеп жатыр. 

Әскерилер Текелідегі ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды

16 мамыр күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша жалпы 890 текше метр балшық шығарылды, 81 рейс жасалды. Қазіргі уақытта Қонаев көшесі балшық массасынан тазартылды.

Әскерилер Текелідегі ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Алматы облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 техникасы, полиция бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 20 қызметкері мен 10 техникасы, 16 қызметкері мен 8 техникасы, оның ішінде «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 самосвалы жұмылдырылды.

Әскерилер Текелідегі ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды

Естеріңізге сала кетейік, кеше 2022 жылдың 15 мамырында сағат 12.10-да Алматы облысының Текелі қаласында (балшық массасы, алдын ала ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр) су тасқыны болды. Салдарынан 5 жасар қыз қайтыс болып, тұрғын үйлер зардап шекті.

Өзгелердің жаңалығы