Оңтүстік Корея Республикасының бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Экс-президентті қамауға алуға кедергі келтіргені үшін сот үкімі шықты. Бұл – елде әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты тағылған айыптар бойынша шығарылған алғашқы сот шешімі.
Lenta.ru басылымының мәліметінше, бұған дейін Оңтүстік Корея прокуратурасы биліктен шеттетілген экс-президентке ең жоғары жаза – өлім жазасын тағайындауды сұраған. Ол мемлекет төңкерісіне әрекет жасады деген күдікпен айыпталған.
Еске салсақ, 2024 жылғы 3 желтоқсанда Юн Сок Ёль Оңтүстік Корея аумағында әскери жағдай енгізілгенін жариялаған. Ол бұл шешімін КХДР-ды қолдаушыларға қарсы күрес қажеттілігімен түсіндірген. Алайда көп ұзамай бұрынғы президент қызметінен шеттетілді.