Әскери-теңіз күштері туының көтерілгеніне 28 жыл

Кеше, 19:27
199
Бөлісу:
Әскери-теңіз күштері туының көтерілгеніне 28 жыл
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Биыл Әскери-теңіз күштері туының көтерілгеніне 28 жыл толып отыр. Теңізшілер үшін бұл айтулы күн, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын бұл күнді атап өтіп дәстүрге айналған. Әскерилер Ақтау қаласының көшелерін оркестрдің сүйемелдеуімен шерулетіп өтті.

Мерекелік іс-шара Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы сап түзеп, салтанатты түрде Ту көтеруінен басталды. 

Салтанатты шара барысында Әскери-теңіз күштерінің дамуына үлес қосқан бірқатар әскери марапатталды. 

Мерекелік іс-шарадан кейін БАҚ өкілдеріне әскери-теңіз күштерінің әл-ауқатын көрсету үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырылды.

Видео: Нұрасыл ЕРЖАНОВ
Өзгелердің жаңалығы