Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының 2021 жылы Олимпиада ойындарының, Әлем чемпионаттарының және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері атанған спортшыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Үздік спортшыларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, кезекті әскери атақтар берілді.
Олардың арасында Олимпиада чемпионы, Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілі майор Ольга Рыпаковаға, сондай-ақ Спорт комитеті төрағасының орынбасары – штаттық командаларды даярлау орталығының бастығы майор Әнуар Үсеновке спортшыларды жалпы үйлестіру, даярлау және жеңген жүлделері үшін кезекті "подполковник" әскери атағы берілді.
Спорт пен әскер – бұл нағыз патриоттарды, жеңіске жетуге әрдайым әзір мықты, батыл және нағыз спортшыларды тәрбиелейтін орта, – деп атап өтті спортшы.
Спорт ротасының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Махмұд Сабырхан 2021 жылы Белградта өткен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері "Ел қорғаны" медалімен марапатталды.
2021 жылы армия спортшылары маңызды халықаралық және республикалық 110-нан астам спорттық жарысқа қатысып, 179 алтын, 99 күміс және 89 қола жүлде олжалады.
Бокстан олимпиаданың "қоласы" мен әлем чемпионатының "алтынын" кіші сержант Сәкен Бибосынов, бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов, күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан еншіледі. Жыл қорытындысы бойынша үздік әскерилер арасында дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері лейтенант Ғұсман Қырғызбаев, грек-рим күресінен Азия чемпиондары ефрейтор Айдос Сұлтанғали, еркін күрестен ефрейтор Нұрқожа Қайпанов, қоян-қолтық күрестен үш дүркін әлем чемпионы капитан Сағын Қазбек, әскери қызметшілер арасында бокстан әлем чемпиондары Тимур Нұрсейітов пен Абзал Құттыбеков бар.
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары дзюдо, таеквондо, оқ және стенд ату, еркін күрес, бокс, ашық айдында жүзу, кір спорты, самбо, қоян-қолтық ұрыс, әскери көпсайыс, спорттық бағдарлау, үстел теннисі және қазақ күресі сынды спорт түрлерінен сайысқа түсіп, ерекше көзге түсті.