Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия спортшыларының далалық жорығы Алматы облысындағы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы оқу-жаттықтыру орталығының базасында ұйымдастырылды.
Бір апта ішінде жиынға қатысушылар саптық, тактикалық, оқ ату, арнайы және дене шынықтыру дайындығы бойынша дағдыларын жетілдіретін болады. Бағдарлама курсына әскери топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау сабақтары да енгізілген.
Спортшылар «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында толық жабдықпен марш жасап, штаттық қарудан оқ атады. Алғаш рет далалық жорық жоспарына «Әскери медицина» пәні енгізілді. Онда спортшылар алғашқы көмек көрсету әдістерін үйренеді.
Далалық жиындар жылына екі рет өткізіледі және бұл шара әрбір әскер спортшысының кәсіби дайындығын арттыруға бағытталып отыр.
Оқи отырыңыз: