Әскери саперлер кәсіби шеберліктерін жетілдіруде

19 Наурыз 2022, 13:45
1745
Бөлісу:
Әскери саперлер кәсіби шеберліктерін жетілдіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы күштерінде инженерлік-саперлік сала мамандарының жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын және Мемлекет басшысының оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталып отыр.

Жиын барысында саперлер тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен пайдалануға жарамсыз деп танылған оқ-дәрілерді жою іс-қимылының бірыңғай алгоритмін пысықтайтын болады.

Сондай-ақ мамандар арнайы техника мен роботтарды қолдануды да үйренеді.

Жарылыс қаупі бар заттардан аумақты тазарту кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады.

Өзгелердің жаңалығы