Әскер төңірегіндегі өз-өзіне қол салу, әлімжеттік әрекеттері жыл өткен сайын толастамай тұр. Өз белдігіне өзі асылған жас сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты соңғы деректер қоғам алдындағы әскери ахуалды тіпті ушықтырды. Сондықтан «Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті санын әскер мәселелерін талдауға арнап, әскери сарапшы Амангелді Құрметпен сұхбат құрдық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әскери сарапшы шулы оқиғаға қатысты ойын білдіріп, әскердегі сиуцид пен әлімжеттіктің түпкі себептеріне тоқталды. Қарулы күштер мен халықтың арасын не алшақтатынын, әскери саладағы құпиялылық салдарын және әскердегі келеңсіздіктердің алдын алу жолдарын айтып берді.
Сонымен қатар, спикер еліміздегі әскери техниканың басым бөлігі Ресейден алынуына, Ресей мен Украина соғысына қатысты ойын білдіріп, біздің әскер қандай үлгіде құрылғанына, қорғанысқа бөлінетін қаражат пен шекара мәселелеріне тоқталды.