Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы подполковник Асхат Жиенбаев жедел әрекет етіп, зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге ықпал етті.
Бұл күні Асхат Жиенбаев редакцияның тапсырмамен Ахмиров ауылына бара жатқан. Ауылдың соңғы аялдамаларының бірінде ол асфальтта қимыл-қозғалыссыз жатқан адамды байқайды.
Әскери қызметші бірден жедел жәрдем шақырды. Бірақ қаладан ауылға дейінгі қашықтықты ойлап, жақын маңдағы әскери лазаретке жүгінді.
Оқиға орнына шұғыл түрде терапия бөлімшенің бастығы медициналық қызмет капитаны Наргиз Баратова және емхана бөлімшесінің бастығы медициналық қызмет лейтенанты Алмас Біржанұлы, қабылдау бөлімшесінің медицина көмекшісі сержант Кемал Кәрімов келді.
Әскери дәрігерлер науқасты тексеріп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бастапқы диагноз ер адамға шұғыл ауруханаға жатқызу қажет екенін көрсетті. Жағдай тұрақтанғаннан кейін оны мамандандырылған медициналық мекемеде емдеу үшін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Бұл жағдай адам өмірін құтқарып, медициналық ұйымның ведомстволық немесе аумақтық байланысы маңызды емес екенін көрсетті. Осындайда немқұрайлылық танытпай, жағдайды байсалды бағамдап, уақтылы білікті көмек көрсету маңызды.