Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мейрамға орай орталықта нағыз этноауыл ұйымдастырылды. Әр локацияда көрермендерге қазақ халқының "беташар", "тұсау кесу", "бесікке бөлеу", "құда түсу" және т.б. салт-дәстүрлері көрсетілді.
Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті, отбасылық құндылықтарды сақтауға, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған шара Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің шығармашылық ұжымы ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.
2009 жылы Наурыз ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Сол уақыттан бастап Халықаралық мереке болып жарияланды.