Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев әскери ант қабылдау кезінде жарақат алған қызметкерге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға арнайы бөлімше қызметкерлерінің ант қабылдау кезінде көрсеткен жаттығуы кезінде болған. Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған қызметкерге бірден медициналық көмек көрсетіліп, офтальмологиялық орталыққа жеткізілген. Қазіргі таңда оның бір көзі қалпына келген, екінші көзі әлі толық көрмейді.
Боранбаевтың мәліметінше, қызметкер әскери қатарында қалуға мүмкіндігі бар және оған әрі қарай медициналық көмек көрсетіледі. Жауапты басшылыққа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Министр орынбасары бұл оқиғаны әскери даярлық элементі деп түсіндіреді.
Бұл шоу емес, бұл – әскери даярлықтағы элемент. Қауіпсіздік шаралары сақталды, бірақ әскери қызмет кез келген жағдайда тәуекелмен байланысты, – деп атап өтті ведомство өкілі.
Қызметкердің жағдайына байланысты тиісті комиссия жарақат дәрежесін анықтап, өтемақы мәселесін шешеді. Министрлік, сондай-ақ, оның бір көзіне қарамастан, әскери қызметін жалғастыра алатынын жеткізді.