Әскери қызметкерлердің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізіледі

31 Қаңтар 2024, 10:36
460
Бөлісу:
Әскери қызметкерлердің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Фото: gov.kz

Қарулы күштер әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілеріне сыныптық біліктікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.

ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларының 6-тармағы 1) тармақшасына және 7-тармағына «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» деген сөз тіркесін алып тастауға байланысты өзгерістер енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы