Әскери прокуратура: Әскерде соңғы он жылда 5 мыңға жуық қылмыс тіркелді

18 Сәуір 2023, 15:21
1363
Бөлісу:
Әскери прокуратура: Әскерде соңғы он жылда 5 мыңға жуық қылмыс тіркелді
Фото: aikyn.kz

Елімізде әскерде соңғы он жылда 5 мыңға жуық қылмыс тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өткен отырыста мәлімдеді.

Айтуынша, әскердегі криминалдық жағдай баршаны алаңдатып отыр.

Жалпы қылмыстылыққа келсек, соңғы он жылға зерделеу жүргіздік. Әскерде 4997 қылмыс тіркелген болатын. Оның 1848-і, яғни 28 пайызы – қол жұмсау. Оның 11 пайызының нәтижесінде адамдар қайтыс болған. Бұлар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілді. Соңғы үш жылға тоқталсақ, 9 сондай іс тіркелген. Ол бойынша тиісті қызметкерлер жауаптылыққа тартылды. Қорғаныс министрлігінде – 5 факт, шекара қызметінде – 3 дерек анықталды. Тергеу жүргізіліп, қылмыстық жауаптылыққа тартылды, - деп атап өтті Бас әскери прокуратура өкілі.

Сонымен қатар ол шекара маңындағы бекетте болған қылмыс үшін үш сарбаздың сотталғанына тоқталды.

Мәселен, былтыр қылмыс жасағаны үшін шекара қызметіндегі 3 мерзімдегі әскери қызметтегі сарбаз бес жылға сотталды. «Майталғазы» шекара бекетіндегі сарбаздың өліміне әкеліп соққан қылмыс туралы сөз болып отыр, - деді Мақсат Қазиев.

Өзгелердің жаңалығы