Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әскери оқу ұшағы колледжге құлады: қаза тапқандар бар

21 Шілде 2025, 16:21
2086
Бөлісу:
 Reuters
VIDEO
Фото: Reuters

Даккадағы мектепке әскери ұшақ құлап, кемінде 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Бангладеш астанасы Даккада әскери-оқу ұшағы мектеп қалашығына құлап, кемінде 19 адам көз жұмды, 100-ден астам адам жарақат алды.

Оқиға болған жерде, атап айтқанда, Дакканың солтүстігіндегі Уттара ауданында орналасқан Milestone мектебі мен колледжінің маңында түсірілген видеоларда үлкен өрт пен қалың түтін көрінеді.

Бангладештің қарулы күштері бұл апатқа өздеріне тиесілі әскери ұшақтың қатысы барын растады.

Ұлттық күйік және пластикалық хирургия институтының дәрігері журналистерге 50-ден астам адамның, соның ішінде балалар мен ересектердің күйік шалған жарақаттармен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы