Әскери қызметке шақырылушылардың медициналық тексерістері онлайн түрде қолжетімді болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылы 14 989 адамның, ал 2025 жылы 5 504 адамның медициналық деректері цифрландырылған.
Әскери қызметшілердің денсаулығына қатысты мәліметтер де цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің госпитальдары мен лазареттері медициналық қамтамасыз етуді медициналық ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырады. Жыл сайын әскери-медициналық мекемелерде 10 мыңнан астам әскери қызметшіге қызмет көрсетіледі. Алдағы уақытта Қорғаныс министрлігі цифрлық әскери-дәрігерлік комиссия құруды жоспарлап отыр. Бұл әскери қызметшілердің әскери-дәрігерлік сараптамадан өту үдерісін жеделдетуге және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға көмектеседі. Қазіргі таңда бұл функционал Астана қаласында сынақтан өткізілып жатыр, - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Ведомство денсаулық сақтау саласына телемедицина технологияларын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл медициналық мамандар болмаған жағдайда әскери қызметшілердің диагнозын анықтау үшін жасанды интеллектіні пайдалануға мүмкіндік береді.
Министрлік әскери медицина мамандары үшін телемедицина курстарын ұйымдастырып, оларға мамандарды жіберді. Курстар аяқталғаннан кейін AI терапевтін сынақтан өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ақмола облысындағы мекемесінде тестілеуден өтуде, - деді ол.
Еске салсақ, әскери оқу орындарына түсу жеңілдегенін жаздық. Енді әскери жоғары оқу орындарына түскісі келетін талапкерлер e-Gov порталы арқылы онлайн өтінім бере алады.
Белгілі болғандай, 1 қыркүйектен бастап жаңа цифрлық әскери оқу платформасы қосылады.