Әскери қызметтен жалтарғандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған – Тапашев

26 Ақпан 2021, 13:11
1993
Бөлісу:
Әскери қызметтен жалтарғандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған – Тапашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚК бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бағытының аға офицері Руслан Тапашев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бізде қазір әскерге күштеп әкету дееген жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жасы 18 бен 27 жастағы азаматтар мерзімді әскерге шақыртылады. Мерзімді әскери шақыртуды кейінге қалдыру негіздері болмаған жағдайда барлық азамат шақырылады. Әскери қызметтен жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді ол. 

Тапашев атап өткендей, мерзімді әскери қызметке азаматты шақыру шешімі қала немесе аудандағы жергілікті атқарушы органымен құрылған әскери комиссия шешеді. 

Әскерге шақырушының қызметтік борышын өтемеу бойынша  себептерін назарға алады. Прокуратура органдары да әскери қызметке шақыру заңдылығын назарда ұстайды, - деді Руслан Тапашев.

Өзгелердің жаңалығы