Әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықтарын пысықтады

7 Желтоқсан 2021, 09:50
3136
Бөлісу:
Әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықтарын пысықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Жаңа оқу кезеңі басталар алдында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының жеке құрамымен қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтау бойынша кешенді сабақтар өткізілді.

Төрт оқу сағаты ішінде сабақ жетекшілері жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптарын жеткізді. Сабақтар жеке құрамды, бірінші кезекте – қызметке жаңадан кіріскен жас буынды оқыту үшін, өзінің қызметтік міндеттерін орындаудың қауіпсіз тәсілдеріне, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету кезінде жарақаттанудың алдын алуға арналған болатын. Дәрістерге шоғырланған жеке құрам сабақ бағдарламасын толық меңгеруі үшін 17 оқу орны ұйымдастырылды.

Әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықтарын пысықтады

Бригада командирі полковник Нұркен Қарағұловтың айтуынша, оқу орындарында әскери қызметшілерге әскери техниканы қауіпсіз пайдалану, қару-жараққа қызмет көрсету ережелерін, улы заттарды пайдалану кезіндегі сақтық шараларын, қарауылда қызмет өткеру барысында және атыс даярлығы бойынша сабақтарында, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетуді көрсетіп және түсіндірді.

Әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықтарын пысықтады

Қарумен жұмыс істеу ережелерін сақтаудың маңыздылығы АК-74М-ден бос патрондармен жарақаттарға еліктей отырып манекенге ату мысалында көрсетілді. Сонымен қатар жеке құрамға жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің негізгі сипаттамалары, сондай-ақ оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы көрсетілді. Барлық теориялық бөлім қару - жарақ пен әскери техниканың нақты үлгілерінде практикалық көрсетіліммен сүйемелденді, - деп қосты полковник Нұркен Қарағұлов.

Әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықтарын пысықтады

Механикаландырылған бригададағы әскери қызметшілерге осындай нұсқама жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жылына екі рет, қысқы және жазғы оқу кезеңінің алдында жүргізіледі.



Өзгелердің жаңалығы