Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Келешек» психологиялық орталығының директоры Наталья Семененко «Отбасындағы жұп арасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» жобасының қорытынды баспасөз конференциясында айтты.
АҚШ-пен бірлескен жоба аясында олардың тәжірибесін меңгердік. Сабақ өткізген мамандар жоғары білікті екенін көрсетті. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, агрессор және отбасымен жұмыс істеуді үйретті. Оның ішінде назар аударатын тағы бір маңызды бағдарлама бар. Әскери қызметкерлер және әскери күштерде жұмыс істейтін адамдар күш қолдануға бейім тұрады. Көп жағдайда олар мұны отбасында қолданады. Кейде осындай құрылымдарда жұмыс істейтін әйелдердің өзі үйдегі тәрбиеге қатыгез болады, - деді ол.
Наталья Семененко әскери қызметкерлерге арналған бағдарлама бар. Онда қарым-қатынастың жолдарын меңгертеді.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының Әлеуметтік қорғау басқармасы жетекшісінің орынбасары Илья Скуб Дағдарыс орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қандай көмек көрсететінін айтты.Бұл жобадан алған білім аясында мамандардың қауіпсіздігі де ескеріледі. Себебі даулы отбасылармен жұмыс істейтін психологтар өздері екінші тараптан «жарақат» алып жатады. Олар күнде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен әңгімелеседі. Сондықтан мамандардың да эмоционалды жай-күйлеріне көп көңіл бөлінеді, - деді Наталья Семененко.