Әскери колледждің кадеті жарақат алды

31 Шілде 2022, 14:07
1334
Бөлісу:
Әскери колледждің кадеті жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 31 шілдеде Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде төтенше оқиға орын алды. 

Оқу орнындағы тәуліктік нарядта тұрған кадет жарақат алды. Әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді.  Қылмыстық іс жөніндегі кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды, - деп жазды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы