Әскери дипломаттар кәсіпорындарға барды

Батыс Қазақстан облысында Қазақстанда аккредиттелген әскери атташелер делегациясы Орал қаласының қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің зауыттарында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 Наурыз 2023 2023, 15:13
АВТОР
 ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 17 Наурыз 2023 2023, 15:13
17 Наурыз 2023 2023, 15:13
938
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында Қазақстанда аккредиттелген әскери атташелер делегациясы Орал қаласының қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің зауыттарында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік қонақтар Оралдағы "Зенит" зауыты, "Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институты және Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы кәсіпорындарында шығарылатын өнімдермен танысты.

Сапар аясында әскери дипломаттарды Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің өкілдері алып жүрді.

Оларға Батыс Қазақстанның тарихи-өлкетану мұражайы көрсетіліп, облыс орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

Наверх