Әскери-далалық госпиталь мамандары бітімгершілік миссияға дайындалуда

22 Шілде 2021, 21:33
1946
Бөлісу:
Әскери-далалық госпиталь мамандары бітімгершілік миссияға дайындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығында Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде далалық госпиталь қызметіне қатысты ақпарат алмасу болып өтті. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Америкалық сарапшылар жедел мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді білдіретін экспедициялық медициналық қамтамасыз ету бойынша тәжірибемен бөлісті. Онда зардап шеккендерді медициналық көмек көрсетудің келесі деңгейіне эвакуациялауға дайындайды. Оның артықшылығы 12 сағаттан 60 сағатқа дейінгі уақыт мерзімінде өрістетумен модульділікті арттыру және толық операциялық жабдықтау болып табылады.

Әскери-далалық госпиталь мамандары бітімгершілік миссияға дайындалуда

Қазақстан тарапынан бітімгершілік әскери-далалық госпитальдің құрамына кіретін медицина мамандары қатысты. Персонал қазақстандық бітімгершілік полктің оқу-жаттығу орталығында БҰҰ стандарттарына сәйкес бітімгершілік даярлықтан өтті. Одан басқа, Әскери медицина орталығында медицина қызметкерлерімен арнайы медициналық даярлық бойынша курстар өткізілді, - делінген ведомство мәліметінде.

Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаевтың айтуынша, егер әңгіме, әсіресе, халқы аз және медициналық инфрақұрылымы шектеулі аудандарға қатысты болса, медициналық көмек көрсетудің жылжымалы нысандарын пайдаланудың тиімділігі жоғары және медициналық-әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық құрамдас ретінде де қызығушылық тудырады.

Әскери-далалық госпиталь мамандары бітімгершілік миссияға дайындалуда

Қазақстандық әскери-далалық госпиталь медицина мамандарының халықаралық курстарға және ақпарат алмасуға қатысуы бітімгершілік контингентті БҰҰ миссияларына қатысуға сапалы әрі жан-жақты даярлауға ықпал ететінін атап өту қажет.

Қазақстан Қарулы Күштерінің БҰҰ бітімгершілік әлеуетін даярлау жүйесіне қатысуын кеңейту жөніндегі бастамалар шеңберінде төрт мамандандырылған бөлімше тіркелгенін естеріңізге сала кетейік. Олар –әскери-далалық госпиталь, инженерлік-саперлік жасақ, әскери полиция жасағы және барлау бөлімшесі. БҰҰ әскери-медициналық бөлімшені бітімгершілік миссияларға қатысу үшін ең көп қажет етілетіндердің бірі деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы