Әскери білім ордасына – ширек ғасыр

1 Шілде 2022, 19:36
1706
Бөлісу:
Әскери білім ордасына – ширек ғасыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші шілдеде Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті 25 жылдық мерейтойын атап өтті. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әскери білім ордасына – ширек ғасыр

Әскери-оқу орны Қарулы күштердің, басқа да министрліктер мен ведомстволардың офицерлерін, мемлекеттік және атқарушы билік органдарының, елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары мен мекемелерінің басшыларын, лауазымды адамдарын, сондай-ақ шетел армияларының әскери қызметшілерін оқытуды, даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. 

Ұлттық қорғаныс университетінде мамандарды оқыту жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламалары бойынша 10 факультетте және 27 кафедрада жүргізіледі. Университет командалық-штабтық және тәрбие жұмысында мол тәжірибесі бар жоғары білікті кадрлармен жасақталған. Оның құрамында 73 ғылым кандидаты, докторы және PhD бар. 

Әскери білім ордасына – ширек ғасыр

Университет жақын және алыс шетелдердің халықаралық ғылыми-білім беру бірлестіктері мен ұйымдарының қызметіне белсенді түрде қатысып келеді. Жоғары оқу орны әлемнің жетекші оқу орындары арасында мойындалып, Оксфорд академиялық одағына, еуразиялық және азиялық университеттер қауымдастығына қабылданды. 

Магистрлерді әзірлейтін бағдарлама бойынша ҰҚУ-да Армения, Қырғызстан және Тәжікстанның әскери қызметшілері білім алуда. 2019 жылдан бастап алғаш рет Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери қызметшілері үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Корея Республикасы мен Иран әскери қызметшілерін де магистратура бағдарламасы бойынша оқыту жоспарда бар. 

Әскери білім ордасына – ширек ғасыр

Ширек ғасыр ішінде университет Қазақстанның Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары басқармасының жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық буындарының 2300-ден астам әскери маманын даярлады. Біліктілікті арттыру курсынан 2500-ден астам адам өтті. 

Ұлттық университетте іргелі және қолданбалы ғылыми жұмысқа айтарлықтай мән беріледі. Әскери оқу орнының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы 240-тан астам ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап, 130-дан астам монография, 270-тен астам оқу құралдары мен оқулықтар шығарды. Ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында қорғаныс университеті 5 патент және зияткерлік меншік құқығы бар 22 куәлік алды. 

Әскери білім ордасына – ширек ғасыр

Одан өзге, оқу орнының бірегей бөлімшесі – әскери-ғылыми взвод құрылды. Мұнда ғылымға бейім, цифрлық әлемнен хабары бар мерзімді қызметтің әскери қызметшілері жұмыс істейді. Жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерін меңгерумен қатар, олар инженерлік-техникалық бейіндегі ІТ-технологиялар мен киберқауіпсіздік бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерге де қатысады. 

Білім беру кеңістігінде Ұлттық қорғаныс университеті – ұлттық әскери элитаны, әлемдегі қазіргі заманғы әскери сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тепе-тең жауап бере алатын офицерлердің жаңа буынын даярлауға бағытталған заманауи зияткерлік орталық. 

Әскери білім ордасына – ширек ғасыр

Жоғары оқу орны өзінің педагогикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін дәйекті түрде арттыра отырып, егемен Қазақстанның Қарулы күштерінің кадрлық құрамын, жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін нығайту үшін қызмет етеді

Өзгелердің жаңалығы