Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әскерді жұмылдыру тәсілдері жаңартылуда: Қарағандыда маңызды жиын өтті

22 Мамыр 2025, 09:13
529
Бөлісу:
PHOTO

Қарағандыда Қарулы күштердің басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өтті. Іс-шара қазіргі жағдайда әскерлерді жұмылдыру тәсілдерін өзектендіруге арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиынның мақсаты - қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жұмылдыру дайындығына бірыңғай көзқарас қалыптастыру. Іс-шара аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен әскери-ғылыми конференция өтті.

Әскерді жұмылдыру тәсілдері жаңартылуда: Қарағандыда маңызды жиын өтті

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, онда офицерлерді даярлаудың жаңа әдістері, жұмылдыруды басқару жүйесін жетілдіру жолдары, сондай-ақ әскерлерді жұмылдыру ресурстарымен толықтыру мәселелері талқыланды. Әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруға және жауынгерлік үйлестіруге ерекше назар аударылады.

Әскерді жұмылдыру тәсілдері жаңартылуда: Қарағандыда маңызды жиын өтті

Жиынның практикалық бөлігі оқу орындарында өтті. Қатысушылар жауынгерлік әзірлікке келтіру, адам және көлік ресурстарын жұмылдыру, сондай-ақ техниканы сақтаудан шығару іс-қимылдарын пысықтады.

Әскерді жұмылдыру тәсілдері жаңартылуда: Қарағандыда маңызды жиын өтті

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қарулы қақтығыстардың жаңа тәжірибесі бағдарламаның негізі болғанын, бұл әскерлерді оқыту мен басқарудың заманауи тәсілдерін жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Әскерді жұмылдыру тәсілдері жаңартылуда: Қарағандыда маңызды жиын өтті
Өзгелердің жаңалығы