Әскердегі арулар оқушылармен кездесті

17 Наурыз 2021, 23:05
3466
Бөлісу:
Әскердегі арулар оқушылармен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің ұйымдастыруымен нәзік жанды әскери қызметшілер Наурыз мерекесіне арналған «Мен өз елімнің Патриотымын!» тақырыбында №129 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиленушілерімен кездесті.

Әскердегі арулар оқушылармен кездесті

Қазіргі таңда нәзік жанды арулар, ерлермен қатар қызмет атқарып, Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ізімен жүрген нәзік жандылар аз емес. Нардың жүгін арқалап жүрген қыз-келіншектер әскердің қатаң тәртібіне төзіп, қызметте жауынгерлік міндетін абыроймен орындау арқылы көпшілікке үлгі болып келеді.

Әскердегі арулар оқушылармен кездесті

Отан сүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім ордасы мектептен басталады. Осы орайда әскер қатарында жүрген арулардың жас ұрпақты Отан сүйгіштік қабілетін ояту, елімізді қорғауға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның нағыз патриоты болып тәрбиелену мақсатындағы ұйымдастырылған бұл кездесу оқушыларға өте қызықты болды. 

Әскердегі арулар оқушылармен кездесті

Әскери қызметтегі аруларды өз көздерімен көріп, сұхпаттасу кеші оқушыларға ерекше әсер берді. Кездесу барысында оқушылар көкейдегі қызықты сұрақтарын қойып, тиісінше өздеріне керекті тұжырымды жауаптарын алды.

Әскердегі арулар оқушылармен кездесті

Бауыржан атамыздың «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген ұлағатты сөзіне сүйене отырып,  жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, патриоттық тәрбиеге баулу бүгінгі шараның басты міндеттерінің бірі. Біздер жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға үлгі бола алсақ ертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының шырағын сөндірмейтін ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз,- деді қатардағы жауынгер Айдана Кенжебекова.

Әскердегі арулар оқушылармен кездесті

Шара соңында оқу орынның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі запастағы аға лейтенант Мырзахан Сариев әскери бөлім ұжымына алғысын білдіріп, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Әскердегі арулар оқушылармен кездесті

Өзгелердің жаңалығы