Әскер Пириев: Баламызды отаншыл рухта тәрбиелеуге міндеттіміз

16 Қазан 2023, 09:02
1440
Бөлісу:
Әскер Пириев: Баламызды отаншыл рухта тәрбиелеуге міндеттіміз
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Шаңырақтың" оныншы мейманы - Ұлттық құрылтай мүшесі Әскер Пириев болды. Әскер Аллавердіұлы елге танымал, өзінің отты ойларымен, парасатты пайымдарымен халық ықыласына бөленіп жүрген азамат.

"Шаңыраққа" келіп айтқан әңгімесінде де тереңге бойлап, ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағына қатысты әдемі ойларымен бөлісті.

Әсіресе, "қазір бізде отбасылық диалогтар жоқтың қасы", "балабақшалардың бәрі қазақ тілінде болуы керек", "еркін елдің, еркін қоғамның қадірін білуіміз керек" деген ойлары еріксіз сүйсінтті.

Сұхбат тағылымды ойларға толы, бас-аяғы жинақы шымыр дүние болып шықты. Көріңіздер, ой түйіңіздер!

"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

Еске салсақ, жобаның алдыңғы санындағы қонағы - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Алишер Сатвалдиев болды.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы