Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

Жансая ҚАМБАР
14 Тамыз 2025, 10:30
604
Бөлісу:
 Артём Чурсинов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Астанада Орталық Азияда алғаш рет Asian Awards 2025 салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Asian Awards марапаттау рәсімін өткізу Қазақстанға берілгені бекер емес екенін айтады.

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?
Фото: Жансая Қамбар

Елімізде 19 параспорт түрі даму үстінде, бізде бір жылда 800-ден астам іс-шара өтеді екен. Осы айда боччадан халықаралық жарыс өтсе, келесі айда парахоккейден Әлем чемпионатын өткіземіз. Біздің спортшыларымыз Францияда өткен паралимпиада ойындарында да 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді. Бізде өсу бар. Осы іс-шараның өтуі еліміздің парабағытта жасап жатқан жұмысының бір жетістігі, - деді министр.

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев та Азия Паралимпиада комитеті тағайындаған беделді сыйлықтың марапаттау рәсімін өткізу еліміздің инклюзивті спортқа қосқан үлесінің жемісі деп санайды.

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

Астанада Asian Awards салтанатын өткізу – Қазақстанның инклюзивті спортты дамытуға қосқан үлесінің мойындалуы және біздің еліміздің теңдік пен қолжетімділік құндылықтарын насихаттауда көшбасшы болуға дайын екендігінің дәлелі. Біз Азияның паралимпиялық қозғалысының ең үздік өкілдерін қабылдап, олардың тамаша жетістіктерін атап өту мүмкіндігіне ие болғанымызға мақтанамыз, - деді ол.

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

Asian Awards 2025 салтанатты марапаттау рәсімі Астанада өткен Азия Паралимпиада комитетінің Конференциясы мен 8-ші Бас Ассамблеясы аясында ұйымдастырылды.

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

Марапаттар жеті негізгі номинация бойынша табысталды:

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

• Ең үздік жас спортшы (Best Youth Athlete) – Шенгао Хэ (Қытай, паражүзу).

• Ең үздік әйел спортшы (Best Female Athlete) – Юэн Кей Хо (Гонконг, бочча).

• Ең үздік ер спортшы (Best Male Athlete) – Абделькарим Хаттаб (Иордания, пауэрлифтинг).

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

• Ең үздік команда (Best Team Performance) – Жапонияның арбадағы регби ұлттық құрамы (марапатты вице-капитан Масаюки Хага алды).

• Ең үздік спорттық фото (Best Photography) – Ынджонг (Оңтүстік Корея).

• Азиядағы тамаша спорт қызметкері (Exemplary Asian Official) – Захра Немати (Иран, паралук).

• Ең үздік ұлттық паралимпиялық комитет (Outstanding NPC Performance) – Оңтүстік Корея ұлттық паралимпиялық комитеті.

Asian Awards сыйлығы кімге бұйырды?

Бұл сыйлықты алу – мен үшін мәртебе. Үшінші рет Паралимпиада ойындарына қатысып, марапат алу бүкіл өмірімнің арманы болды. Ал бұл марапат маған бұл соңы емес екенін еске салады. Өйткені өткен жылғы Парижден кейін қайырымдылық ұйымын құрдым. Бұл ұйым Гонконгте орналасқан және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спортпен айналысуға және білім алуға көмектеседі, - деп Ең үздік әйел спортшы сыйлығына ие болған Юэн Кей Хо әсерімен бөлісті.

Еске салсақ, кеше, яғни 13 тамызда Asian Awards 2025 салтанатты марапаттау рәсімі Орталық Азияда алғаш рет Астанада өтті.

Өзгелердің жаңалығы