Ashyq. «Жасыл» мәртебенің қолданыс мерзімі өзгеруі мүмкін бе?

25 Қаңтар 2022, 18:22
1076
Бөлісу:
Ashyq. «Жасыл» мәртебенің қолданыс мерзімі өзгеруі мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, «Ashyq» қосымшасындағы «жасыл» мәртебенің қолданыс мерзімін өзгерту әлі талқыға түспеген.

«Ashyq» қосымшасындағы «жасыл» мәртебенің қолданыс мерзімін өзгерту туралы бүгінгі таңда сөз қозғалмады. Әзірге сол бір жыл мерзім болып қала береді. Бірақ бәрінің өзгеретіні заңдылық. Қандай да бір қосымша өзгерістер орын алуы мүмкін. Ол «Омикрон» штамының ағымына немесе жаңа штамның пайда болуына байланысты болады. Коронавирус инфекциясы – жаңа инфекция және үнемі жаңа түрлері шығып отыратынын бәріміз білеміз, - деп атап өтті комитет төрайымы.

Сонымен қатар ол  індеттің өршу мәселесі көпфакторлы деп атаған болатын.  Яғни бұл – аурушаңдықтың көпфакторлық өсімі деген сөз.

Өзгелердің жаңалығы