Ashyq: Сары не қызыл мәртебесі бар жолаушылар пойыз билетінің ақшасын қалай қайтарып алады?

15 Маусым 2021, 18:00
2750
Бөлісу:
Ashyq: Сары не қызыл мәртебесі бар жолаушылар пойыз билетінің ақшасын қалай қайтарып алады?
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ashyq қосымшасында қызыл немесе сары күй анықталған кезде жолаушыларға пайдаланылмаған билеттерді қайтару үшін не істеу керек? Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн түсіндіріп берді.

Ashyq жобасының енгізілуіне байланысты вокзалдарда билеттерді қайтарудың тәртібін әзірледік. Егер жолаушының «қызыл» немесе «сары» мәртебесі болса, онда ол пойызға билетті қайтару үшін кассаға баруға мүмкіндігі болмайды. Осыған байланысты бірнеше процесті қолға алдық, - деді ол. 

аш8.jpg


 


 

Виктор Бошманн журналистерге берген сұхбатында билетті қайтарудың алгоритмімен бөлісті.

1. WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы bilet.railways.kz сайтында көрсетілген телефон нөміріне (+7 707 270 36 64) орынды тапсыру үшін жол жүру құжатының (билеттің) фотосуретін/скриншотын; «Ashyq» қосымшасындағы статустың фотосуреті/скриншотын; жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуреті (төлқұжат/куәлік/туу туралы куәлік және т.б.) жіберуі керек.

Ashyq: Сары не қызыл мәртебесі бар жолаушылар пойыз билетінің ақшасын қалай қайтарып алады?


 

2. Алты ай ішінде (пойыз жөнелтілген күннен бастап) жолаушы жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасын алып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кез келген кассасына бара алады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қайтару туралы (1-тармақты ескере отырып) өтініш жаза алады.

Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарына (билеттеріне) төленген қайтару сомасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк багажын және почтаны теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, - деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі. 

Ashyq: Сары не қызыл мәртебесі бар жолаушылар пойыз билетінің ақшасын қалай қайтарып алады?

Еске сала кетейік, Ashyq-та сары не қызыл мәртебесі анықталған жолаушылар вокзалға кіргізілмейді.


 


 

Өзгелердің жаңалығы