«Ashyq» қаржы игерудің амалы ма?

3 Наурыз 2021, 15:51
1555
Бөлісу:
«Ashyq» қаржы игерудің амалы ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру туралы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ЦДИАӨМ цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков жауап берді.

Бұл жобаға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Соңғы кездері індет аяқ тарта бастады. Егер келешекте жобаның қажеттілігі болмай қалса, онда жоба жабылады да, бизнес нысандары бұрынғыдай жұмыс істей береді, - деді ол.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов «Ashyq» жобасы кәсіпкерлердің бастамасы екенін жеткізді.

Бұл жобаға кәсіпкерлердің өздері қатысып отыр. Жалпы, «Ashyq» платформасы болсын, мұның алдындағы «Инфо Қазақстан» платформасы болсын, елдегі бизнес қауымдастық бұл жобаларды өз ниеттерімен жасауда. Мемлекеттік бюджеттен немесе қандай да бір атқарушы органдардан бұл жобаға қаражат бөлінбеген. Мұны нақты айта аламыз, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін «Digital innovation and transformation» ЖШС директорының орынбасары Виталий Пустовойтенко заманауи смартфон емес, қарапайым телефон ұстайтын азаматтардың қандай да бір мекемеге қалай кіре алатыны жөнінде түсінік берген еді

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «Аshyq» мобильдік қосымшасын пайдалану ерікті екенін мәлімдеген болатын.


Өзгелердің жаңалығы