Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Ұлытау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Мұрат Нұртілеу депутаттардың қарауына Президенттің Ұлытау облысының әкімі лауазымына Әбдіғалиұлы Берік пен Шайдаров Серік Жаманқұлұлының кандидатураларын ұсыну туралы хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру нәтижесінде 64 депутаттың 51-і Берік Әбдіғалиұлын қолдады, 13 депутат Серік Шайдаровқа дауыс берген