Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер «Ashyq» жүйесінен шеттетілді. Оларға талапты сақтамағаны үшін жүйеге кіруге тыйым салынды.
Бүгінде қала бойынша жобада 2300-ден астам қатысушы бар. «Ashyq» жүйесі карантин режимінде жұмысты қалпына келтіруге септігін тигізді. Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын мониторингтік топтар тексереді.
Жоба тексерушілерінің айтуынша, жобадан шеттетілуге келушілердің мекемеге кірген кезде QR-код арқылы сканерленбеуі себеп болған. Жобаның аутсайдерлері жобадан шығарылады. Жобада жақсы қырымен танылған 108 қатысушы бар. Адал кәсіпкерлердің арқасында осы жылдың 9 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында «Ashyq» мобильді қосымшасының көмегімен Алматының 1463 тұрғынында 2 «қызыл» мәртебесі, 372 тұрғынында «сары» мәртебесі бар.
«Қызыл» мәртебесі бар адамдар тамақтану орындарында анықталды. Мысалы, онлайн режимінде «қызыл» мәртебесі бар 295 және «сары» мәртебесі бар 40 қала тұрғыны тіркелді. Сондай-ақ әуежайда вирус жұқтырған және байланыста болған адамдар анықталды. «Қызыл» мәртебесі бар 46 тұрғын мен «сары» мәртебесі бар 9 адам расталды.
Тексерушілер кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ басқа келушілердің індетті жұқтырмасы үшін карантин талаптарын орындау қажеттілігі ескертілді.
Алматының 40 мониторингтік тобы карантин талаптарының сақталуын тексеруде. Алайда мегаполис тұрғындары, ойын-сауық орындарының иелері карантин шектеулерін елемей, банкет, той өткізіп, жиналыс ұйымдастыруда. Жыл басынан бері карантин талабын сақтамағандарға жалпы сомасы 341 млн. теңге көлемінде 4634 хаттама толтырылды.
Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сәйкес биыл 28910 нысан тексеріліп, карантин шараларын бұзған 2546 нысан анықталды.