«Ашық жүрек». Түркістанда еріктілер орталығы ашылды

16 Қыркүйек 2020, 18:03
2449
Бөлісу:
«Ашық жүрек». Түркістанда еріктілер орталығы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда «Ашық жүрек» еріктілер орталығының ашылу өтті. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы Сейдулла Кеңесбайұлы игі бастамаға ілтипатын білдіріп, бұл жобалардың маңыздылығына баса назар аудару керектігін айтты. 

журек2.jpg

«Ашық жүрек» жобасы Қазақстан Еріктілер лигасы қоғамдық қоры жастар арасында волонтерлік брендін танымал ету үшін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Осы жоба арқылы жастар арасында еріктілердің жаппай қозғалысын құру, балаларда саналы белсенді азаматтық позицияны, жауапкершілікті қалыптастыруға және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін қоғамға қатысты оң іс-әрекеттерді жүзеге асыруға ықпал етуді көздейді.
Біздің ұйым 2013 жылдан бастап қызмет атқаруда. Сондай-ақ Қазақстандағы ең ірі волонтерлік қозғалыстардың бірі. Бүгінде лигада 7000-нан астам белсенділер қызмет атқарып жүр және барлық аймақта өкілдеріміз бар. Карантиннің алғашқы күндерінен бастап Лига волонтерлері халқымыздың мұқтаж санаттарына азық-түлік себеттерін жеткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы «Ашық жүрек» жобасы арқылы да қазіргі қоғамның дамуының маңызды факторының бірі, әлеуметтік көмек мәдениетін қалыптастыруға күш саламыз, - деді Қазақстан Еріктілер лигасының Түркістан облысындағы атқарушы директоры Нұрболат Жүрсін. 
журек3.jpg

Сондай-ақ «Ашық Жүрек» жобасы аясында шағын гранттар байқауы өткізіледі. Барлығы 107 шағын грант бар. Қазақстан Республикасының барлық өңірі бойынша бастамашы топтар үшін 300 000 теңгеден 56 шағын грант, 300 000 теңгеден 42 шағын грант 14 облыстың волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін беріледі. Ал  500 000 теңгеден 9 грант республикалық маңызы бар қалалардың волонтерлеріне арналған. Мұндай мүмкіндіктің бәрі елдегі волонтерлардың санының артуына және оларды әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға тарту мен әр түрлі тіркеуде тұрған кәмелетке толмағандардың санын азайтуға өз септігін тигізеді.

журек4.jpg


Өзгелердің жаңалығы