Қашықтан оқыту. Алғашқы апта қалай өтті?

13 Сәуір 2020, 10:50
2438
Бөлісу:
Қашықтан оқыту. Алғашқы апта қалай өтті?

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы қалай өткендігі туралы БҒМ кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook-тегі парақшасында егжей-тегжейлі айтты.

Баршаңызға мǝлім, министр Асхат Аймағамбетов еліміз қашықтан оқыту бойынша бірнеше жолды қолданатыны туралы жазған болатын. Олар 4 бағыт бойынша (телеарналар: Балапан жǝне Еларна; радио: Қазақ радиосы жǝне Классик; интернет платформалар: Kundelik.kz, Daryn.Online, Білімленд жǝне Opiq.kz; сонымен қатар жеткізу құралы ретінде Қазпошта) жүргізіледі делінген. 

Қашықтан оқыту туралы шешім қабылданғаннан бастап, министрліктегі жǝне жалпы білім саласындағы ǝріптестеріміз бір айдың ішінде шынын айтайын, үздіксіз жұмыс істеді. Егер күнделікті мониторингке жǝне мұғалім ǝріптестеріміздің пікіріне мǝн берсек, бірінші аптаның нǝтижесі көңіл көншітеді. Ендігі аптада жұмыс нǝтижесі одан ǝрі жақсара түседі деген сенімдеміз, - деді Ерболат Мұхаметжанов.

Нақты сандарға келер болсақ, 2 млн 400 мың оқушы интернет жүйесі арқылы, 800 мың оқушы бейнесабақты телеарнадан көріп білім алуда. Дүйсенбі күннің өзінде "Күнделік" қызметін пайдалану үшін 40 млн сессия тіркелсе, бір жұмада бұл көрсеткіш 203 млн сессияға дейін өсті. Ал, Daryn.online платформасында 18 млн қаралым тіркеліп, 1,5 млн адам білімін осы платформа арқылы жетілдірген. "Білімлэнд" жүйесі 5 күнде 15 млн 100 мың қаралым жинады.

Əрине, кішігірім кемшіліктер орын алды. Мысалы, алғашқы күні Күнделік жүйесіне кіре алмай жатқан хабарламалар келді, түске қарай ол мǝселені жүйенің IT мамандары бірден ретке келтіргендігін де атап өтті қоғам белсендісі. 
Келесі мǝселе, кейбір директорлар артық есептерді сұратып жатқаны туралы ақпараттар келіп түсті. Министр мұғалімдерден ешқандай есеп талап етілмейтіндігі туралы айтқан болатын. Сонымен қатар, осындай ǝрекеттері үшін нақты тиісті шаралар қабылданды. Тағы бір мǝрте ескертулер берілгендігін де атап өтті.

Сонымен бірге, қашықтан оқыту басталғалы ресми брифингтерден бөлек, жүйелі түрде web- конференцияларды іске қосылғандығын да тілге тиек етті. Негізгі мақсатымыз, ашық пікірлерді білу, тікелей эфир кезінде жазылған сұрақтарға нақты жауап беру. Тікелей эфирді министрліктің ресми парақшаларында жǝне министрдің инстаграм парақшасына да шығарып отырдық. Алғашқысына қашықтан оқытуға байланысты кеңінен түсіндіру жұмыстарын министрдің өзі бастап берсе, кейіннен күнделікті ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында вице-министр Шолпан Каринова, сонымен қатар, интернет платформалар жетекшілері жǝне ұстаздарымыз да қатысты, - деді ол. 

Сонымен бірге, Call-орталығы  іске қосыла салысымен министр негізгі мǝселелерді білу үшін телефон қоңырауларын өзі қабылдағандығын еске салды. Алдағы уақытта да дǝл осылай байланысты қабылдаймыз деді. Бұл бастамамыз бұқаралық ақпарат құралдары материал үшін емес, негізгі сұрақтарды министрдің өзі тыңдауы үшін жасалған ǝрекет екендігін атап өтті журналист әріптестеріне.

17 өңір. Облыстардағы білім басқармасы басшылары да тікелей эфирге, брифингтерге шығып халыққа түсіндіріп отырды. Яғни тек орталықта ғана емес, түсіндіру жұмыстарын ǝр өңірдегі баспасөз хатшыларымыз да тыңғылықты түрде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, осы аптада министрліктің қабылдаған шешімнің бірі, қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пǝндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. Сǝйкесінше, аттестат пǝндер бойынша жылдық бағалар негізінде берілетіндігін тілге тиек етті Ерболат Мұхамеджан. 

Карантин басталғалы бері, министрліктің баспасөз қызметі жұмысы да екі есеге артты. Бастапқы кезде министрліктің баспасөз қызметіне қашықтан оқыту бойынша журналистерден сұрақтар өте көп түсті. Алғашқы күндері министрліктің ресми facebook жǝне insta парақшаларына жалпы 400-ге жуық сұрақ келді. Бірақ аптаның сǝрсенбісіне қарай сұрақтар мүлдем азайды деуге болады. Себебі, тағы да қайталап айтайын, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннің арқасы деп есептеймін, - деді министрлік өкілі.

Пост соңында журналист ǝріптестеріне өз рахметін жеткізді. Дǝл осы жағдайда кез келген мǝселеге қатысты түсіністікпен қарап, жǝне ǝрқашан сыни тұрғыда жазатын тілшілер, керісінше, халыққа дұрыс ақпаратты жеткізу мақсатында түсіндірме материалдарын дайындағанын көрдім деді өз постында. 


Өзгелердің жаңалығы