Ашраф Ғани: Мен қашқан жоқпын, халқымның аман қалуын қаладым

19 Тамыз 2021, 08:45
2672
Бөлісу:
Ашраф Ғани: Мен қашқан жоқпын, халқымның аман қалуын қаладым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елінен кеткелі алғаш рет ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның айтуынша, қантөгістің алдын алу үшін Кабулдан кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар Ғани президент сарайынан кетерде өзімен қомақты сомада ақша алып кетті деген ақпаратты жоққа жығарды. Оның мәлімдемесі Facebook парақшасында жарияланды. 

Отандастарым, ауған халқының басына түскен қиын кезеңдер тез арада аяқталады деген үміттемін. Елде бейбітшілік пен тыныштық орнау керек. Бүгін мен Біріккен Араб Әмірліктеріндемін. Елдің Қорғаныс министрлігінен көмек сұрағанда өміріме қауіп төнгенін білдім. Тәліптер президент сарайының табалдырығында тұрғанда елден кетуден басқа амал қалмады. Батыс елдеріндегі әріптестерім кетпесем жағдайды ушықтыратынымды айтты. Елде қалып тәліптермен соғыс бастасам бейбіт халықтың қаны төгілер еді. Сирия мен Йемендегі қантөгісті болдырмауды шештім. Сондықтан жағдайдың анық-қанығын білмей тұрып, шындыққа көз жеткізбей тұрып мені сынамауларыңызды сұраймын. Елден кеткенде үстімдегі киімнен басқа ешнәрсе әкеткен жоқпын. Менің елден ақша әкеткенім жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде елге қайтудың амалын жасап жатырмын. Тағы айтамын, мен қашқан жоқпын, мен жай ғана халқымның аман қалуын қаладым, – деді Ашраф Ғани.
Өзгелердің жаңалығы