Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларды талқылау үшін сарапшылармен кездесу ұйымдастырды.
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен, "Жаңару" РҚБ, "Nur Otan" партиясымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша кеңес өткізді – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Комитет келесі іс-шараларды енгізуді жоспарлаған:
- жүкті тексеру рәсімін жеңілдету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында карантиндік өнімге фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) енгізу;
- буып-түю материалын тексеруді болдырмау мақсатында өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу;
- мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды енгізу;
- жүктің келіп түскен жері бойынша, сондай-ақ фитосанитариялық сертификаттарды ресімдеу кезінде карантинге жатқызылған өнімге электрондық форматта тексеру актілерін ресімдеуді енгізу, қызмет алушының электрондық поштасына карантиндік тексеру актісін немесе фитосанитариялық сараптама қорытындысын беру мүмкіндігі;
- өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың егістерді, бақтарды зерттеу іс-шараларын жүргізу бөлігінде жұмысын күшейту, сондай-ақ карантиндік организмдерді оқшаулау және жою мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы АШТӨ есебін енгізу.
- ҚР аумағынан карантинге жатқызылған өнімді алып кетуге фитосанитарлық сертификатты беру мерзімдерін 5-тен 3 жұмыс күніне дейін және облысаралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификатты беру мерзімдерін 3-тен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту;
- фитосанитарлық және карантиндік сертификаттар алу үшін талап етілетін құжаттар тізбесін жеңілдету;
- мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетіркеу үшін материалдық құралдарды, техникалық құралдарды пайдалану тәртібін бекіту;
- карантиндік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторларға арналған бейнетіркегіштерді қосымша сатып алу (бүгінгі күні 351 бейнетіркегіш сатып алынды, 295 бейнетіркегіштер жоспарланған);
- қызмет алушылармен байланысты барынша азайту үшін негізгі сауда-әріптес елдермен электронды фитосанитарлық сертификатты беруді енгізу жоспарланып отыр, ЕЭК-пен бірлесіп, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 «Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар қарастырылуда.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді және Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.